Алматы қаласында 3 және 10 қазан аралығында «Балалар әлем ырғағында» атты Қазақстан жастарының II шығармашыл фестивалі өткен болатын.Фестивальдің қорытынды концерт 10 қазанда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жоба еліміздің дарынды жас орындаушыларын табуға және қолдауға бағытталған. Жобаға қатысуға 2000-ға жуық балалар өтініш білдірген.
12 мен 17 жас аралығындағы балалардан көптеген қызықты және тартымды видеолар келген болатын. Вокалдық, музыкалық және хореографиялық өнердің алдыңғы қатарлы ұстаздарынан тұратын әділқазы алқалары балалардың ішінен ең мықтысын саралап шығарды. Бекітілген регламент бойынша 18 бала ақтық сынға шығуы керек болатын, бірақ ең мықты деген 24 конкурсант іріктеліп алынды.Олардың ішінде Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан, Астана, Алматы, Атырау, Балқаш, Орал, Өскемен, Семей қалаларынан келген 7 әнші, 9 музыкант және 8 биші балалар келді.
Жоба барысында балалар жақын достасып, бір-біріне қолдау білдіру арқылы нағыз топ болып кетті. Дайындалу уақыты аз болғанымен балалар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.В. Беляковпен және Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің музыкалық сүйемелдеуімен жұмыс жасады. Бұл – «Балалар әлем ырғағында» шығармашылық фестивалінің ерекшелігі.
Қалыптасқан дәстүр бойынша балалар еліміздің атақты жұлдыздары Аида Аюпова, Алашұлы және KeshYou топтарымен ән шырқады.
«Балалар әлем ырғағында» атты жастардың бірінші шығармашыл фестивалі 2015 жылы ЮНЕСКО-ның 70 жылдығын тойлау аясында ұйымдастырылған болатын. ЮНЕСКО-ның қолдауы аясында еліміздің 1500 дарынды таланттар қамтылған болатын. Нәтижесінде шалғай аймақтардан келген төрт финалист ары қарай кәсіби білім алу үшін еліміздің шығармашыл жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік грант иегерлері атанды.
Қазақстан жастарының екінші шығармашылық фестивальі Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүшелігі және Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясына 25 жыл толуы, ЮНЕСКО клубтық қозғалысының 70 жылдығы, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағадарламасының 2013-2022 жылдарда мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы және Алматы қаласы Жастар жылының аясында өтуде.
Аталған жобаны Қазақ Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы мен ҚР Тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысы қоры бірлесе жүзеге асырып жатыр. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия және Алматы мен Астана қалаларының әкімдіктері тарапынан да кең қолдау танытқан.
Жобаның серіктестері: Total E&P Kazakhstan, Tengizchevroil LLP, Air Astana, Grand Tien Shan Hotel, Soho Concert-bar & meat, Samsung Kazakhstan, Caspian. Ал, ақпараттық қолдауды Алматы, КТК телеарналар, Азия орысша радиосы, Ретро ФМ, Классика радиосы, Tengrinews және Massaget ақпараттық порталдары көрсетіп отыр.
Пікір қалдыру