Алматыда «Тілдарын» олимпиадасы өтеді

/uploads/thumbnail/20171005131547831_small.jpg

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 2/163 «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында және Басқарманың 2017 жылға арналған жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» қалалық олимпиадасын өткізеді деп хабарлайды Qamsy.kz ақпарат агенттігі.

Байқаудың мақсат-міндеттері: жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен  насихаттау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету, жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуін ынталандыру.

Олимпиада шарттары. Олипиадаға қатысушылар төмендегідей кезеңдер бойынша сайысқа түседі:

  1. Таңдаған тақырыбы бойынша «тұсаукесер» (презентация) өткізу;
  2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу;
  3. Берілген мәтін бойынша ілеспе аударма жасау.

Олимпиадаға қатысушылар әр кезеңнің тапсырмасын үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде орындайды.

Қатысушылар ойды жеткізе білу шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін көрсетуі тиіс. Олимпиада барысында қатысушылар берілген тапсырмаларға сәйкес алдын-ала әзірленген аудио және бейне материалдарды қолдануына болады.

Әр кезеңнен кейін қазылар алқасы өте төмен ұпай жинаған жекелеген қатысушыларды келесі кезеңдерге жібермеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Олимпиаданың қазылар алқасы құрамына белгілі тілші ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, аударма ісінің кәсіби білікті мамандары енеді.

Олимпиада жүлдесі. Бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендер тиісті дәрежедегі дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады. Басқа қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылады. Олимпиада жеңімпазы Алматы қаласының атынан «Тілдарын» республикалық олимпиадасына жіберіледі.

Қатысты Мақалалар