Тәжікстанда Соғды облысы мешітінің имамына экстермизмге қатысы бар деген айып тағылды, деп жазады Qamshy.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
БАҚ мәліметтеріне сәйкес, Худжандағы Чорухдаррон ауылындағы мешіт имамымен қоса өткен айда төрт адам ұсталған. Тергеу қызметкерлерінің хабарлауынша, бесеуі де «Қоғамды экстремистік қызметке шақыру» бабы бойынша айыпталды.
Чорухдаррон басшысының хатшысы Наргис Бердиеваның айтуынша, Кеңсай ауылында тұратын 42 жастағы имам Илхомиддин Абдуллаевқа елде тыйым салынған «Сәләфизм» діни бағытына қатысы бар деген күдік тағылды.
Күдіктілер Худжандтағы тергеу изоляторына орналастырылды.
Айта кетейік, Тәжікстанда сәләфизмге 7 жыл бұрын тыйым салынған. Аталмыш діни бағытқа қатысы бар тәжікстандық азамат 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Пікір қалдыру