Владимир Путин: Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы болады

/uploads/thumbnail/20171002165658352_small.jpg

Владимир Путин БАҚ өкілдеріне арнап Сочиде өткен ТМД басшыларының кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Kremlin.ru-ға сілтеме жасап. 

Ресей президенті Сочидегі шаралар бағдарламасының мазмұнды болғанын, интеграциялық бірігу аясында өзара әріптестік туралы пікір алмасқандарын және алға нақты жоспарлар қойылғанын айтты. 

ТМД құрамындағы елдер арасында гуманитарлық саланың орны ерекше екенін атап өтіп, Отбасы жылының аяқталып қалғанын айтты. 2018-ші жылдың Мәдениет жылы болатынын, 2019-шы жыл Кітап жылы, ал 2020-шы жыл Жеңістің 75 жылдыған арналатынын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, өзара достас елдердің кезекті мәдени астаналары таңдалды. 

"Әзірбайжандық Гянджа қаласы бұл эстафетаны армяндық Горис қаласына береді, кейін ТМД елдерінің мәдени астанасы Брест қаласы, содан кейін қазақстандық Шымкент қаласы болады", - деді РФ президенті Владимир Путин. 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД басшылығы Ресейден Тәжікстанға ауысады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар