Сарапшылар екінші дүниежүзілік қаржы дағдарысын күтуде

/uploads/thumbnail/20171012130130618_small.jpg

Бүгін Халық банкі орнатқан евроның бағамы долларға шаққанда  63.35 теңгеге өскен. Доллар сатылымы 335.25 теңге, тиісінше евро 398.6 теңгені құрайды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады.

JPMorgan әйгілі америкалық  қаржы холдингінің  сарапшысы  Марко Коланович әлемдік қаржы нарығында екінші дүниежүзілік дағдарыс орын алғалы тұрғанын айтады. Оның себебі өтімділіктің төмендігі, инфлияцияның жиі және жоғарғы қарқында болуы, күйреген қаржы жүйесі - осының барлығы 2008 жылғы дағдарыс жағдайын қайталайды.

JPMorgan дағдарыстың дәл қай уақытта болатындығын ашық айта алмайды, бірақ оның әсері 2018 жылы ақ, Федералдық резервтік жүйе (ФРЖ) қаржысын қысқарта бастаған кезде біліне бастайды.

Маманның айтуынша, АҚШ-тың ФРЖ-ні қыспаққа алуы нарықтың құлдырауына алып келеді.  2008 жылы тек  саяси байланыстардың көмег і тиіп, әлемді дағдарыстан шығарған еді. Бұл жолы өкінішке орай,   Ресей мен АҚШ арасындағы  саяси кикілжің бұл жағдайды керісінше ушықтыруы мүмкін.

JPMorgan еске салғандай, өткен жолғы әлемдік дағдарыс өтімділіктің төмендігінен болған. Бұл жолы да дәл сол себепті болуы мүмкін және оның салдары айтарлықтай ауыртпашылық туғызады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар