Мұғалім болып жұмыс істеген педофил 17 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20171009133111587_small.jpg
Қостанай облысы Федоров ауданының Первомай орта мектебі мен жергілікті балабақша және ауылдық мәдениет үйінде музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген 40 жастағы Ленонид Кравцов 17 жылға сотталды. Оған 14 жасқа толмаған жасөсіпірдерді жыныстық қатынасқа итермелегені үшін айып тағылған, деп хабарлайды Baq.kz -ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аталмыш іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, қылмыскерге үкім кесілді.
«Сот Кравцовқа 17 жыл берді. Оның ісі бойынша үш жәбірленуші болғанын айта кеткен жөн. Сотқа келіп түскен іс материалдары бойынша сотталушы 2017 жылдың 17 маусымында ауылдық мәдениет үйіне 6 мен 10 жас аралығындағы кішкентай қыздарды алдап кіргізіп алып, шешіндіріп, арам ойын іске асырмақ болған», – дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ерлік Сералин.
 
Сондай-ақ, сот үкімі бойынша істі болған Кравцовқа өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салынып отыр.

Қатысты Мақалалар