Ресейдің Санкт-Петербург қаласында 11 қазанда кешкісін «Пролетарская» стансасында метроға қару кіргізбек болған жолаушы ұсталды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі dp.ru мәліметіне сүйеніп.
«Оперативное прикрытие» агенттігінің хабарына қарағанда, жолаушының жүгінен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі граната табылған. Осы оқиғаға байланысты метро стансасы бір сағаттан астам уақытқа жабылды. Жолаушы - Беларусь азаматы. Оны полиция алып кеткен.