АҚШ-та әділеттілік пен демократия жоқ. Атамбаев енді АҚШ-қа тиісе бастады

/uploads/thumbnail/20171018175300792_small.jpg

Атамбаев америкалық саясаттанушы Майкл Макфолға соқтықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputnik.kg-ге сілтеме жасай отырып.

АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың көмекшісі Макфол баспасөзде «Қырғызстанда өткен сайлауда қазіргі президенттің үзеңгілес серігі жеңіске жетті», деген мәлімдеме жасаған болатын.

Содан кейін 16-қазанда Бішкекте сайлауға келген халықаралық бақылаушылардың алдында сөз сөйлеген Атамбаев Макфолдың айтқан сөздерін сын тезіне салды.

«Америка Құрама Штатының өзінде әділеттілік пен демократия жоқ. Әлбетте, егер американдық ұстанымдағы үміткер жеңіске жеткенде, олар бұлбұлша сайраушы еді» - деді Атамбаев.

Сондай-ақ Атамбаев егер АҚШ-та билікке Хиллари Клинтон келгенде, мұхиттің арғы бетіндегілер өздеріндегі «сайлаудың адал және әділетті болғанын» жыр ғып айтушы еді деген болжам айтты. Бұдан бөлек, әлі биліктен кетпеген  президент өзінің дипломат емес екендігін алға тартып, әрқашан шындықты бетке айтуды әдетке айналдырғанын атап өтті.

 

Қатысты Мақалалар