Алматыда әліпбиді өзгертудегі қорқыныштар мен оның болашағы талқыланды

/uploads/thumbnail/20171030182222417_small.jpg

Алматыда Қазақ көлік және коммуникация академиясында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Латын әліпбиіне біртіндеп көшу мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талдау және түсіндіру аясында, латын әліпбиіне біртіндеп көшу мәселесіне қатысты ҚазККА мәжіліс залында, «Тілдер» кафедрасының ұйымдастырумен «Латын әліпбиі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел қонақтары ретінде, Мемлекеттік тілдерді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к. Б. Қапалбеков, Жазушылар одағының мүшесі Н. Токмырза, Алматы менеджмент университетінің доценті, ф.ғ.к. Л. Бегалиева, аға оқытушы Г. Байтілеуова шақырылса, өз пікірін айтуға, академияның ардагер оқытушылары: М. Кобдиков, С. Мырзалы, Н. Балқияұлы, М. Шалабаев, сонымен қатар академия ПОҚ мен студенттер қауімі келген болатын.

Кездесу барысында, әліпбиді өзгерту кезіндегі қорқыныштар, әліпби болашағы мен құрылымы туралы ұсыныстар, талап-тілектер көптеп айтылды. Дөңгелек үстел барысында, бұл сұрақ барлық әлеуметтік топтарды қызықтыратыны байқалды. Сарапшылар арасында талқыланып жатқан және латын әліпбиіне көшудегі «ең тиімді әліпби жасау» мәселесі академияда да қызу талқыға түсті. Бүгінде белгілі болғандай, келе жатқан бұл үлкен өзгеріс - Қазақстанның ақпараттық кеңістікте өз орнын табуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және қауіпсіздік мәселесін күшейтуге өз әсерін тигізетіні анық.

Студенттердің атынан өз пікірін білдірген, ВТПО-17-1к тобының студенті Мендешканова Таттігүл: «Бәріміз білетіндей «Елбасымыз 2025 жылға дейін» латын әліпбиін қолданысқа енгізу керектігін айтты. Бүгінгі таңда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әлипбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді біреулері асығыстық жасамайық деп сақтандыруда. Мұндай пікірлердің айтылуы заңды құбылыс деп ойлаймын. Алайда, анық бір мәселе бар. Ол - қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндеттті түрде латын әліпбиіне көшеді. Сондықтан, студенттер қауымы осы бағдарламаны қолдауға әрқашанда дайын», - деп өз ойын ортаға салды.

Біздің дамуымыздың басты принциптерінің бірі – жаңа кезеңдегі жаңаруға іштей ұмтылыс. Даму үшін өзгеру қажет.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар