Алматы әкімі: Жайлы қаланың басты көрсеткіші - жақсы экология

/uploads/thumbnail/20171110190450828_small.jpg

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Астана қаласы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында қала экологиясы жайында айтып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сонымен қатар мегаполис басшысы көлік проблемалары мен жолдар салыну ісіне тоқталып өтті.

"Жайлы қаланың басты көрсеткіші - жақсы экология. Бүгінгі күні жеке скетордың 96 пайызы газға көшірілген, 2019 жылдың яағына дейін қала толық газдандырылады. Президенттің тапсырмасы бойынша ТЭЦ-2 газға көшіріледі, ТЭЦ-1-ді жаңғыртудың ЖСҚ жасалуда. Келер жылы жалпы қуаты 550 мың тонна тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және 60 мың тонна шикізат шығаратын арнайы кешенді іске қосу жоспарланған. Екі жыл ішінде 59 мың жаңа ағаш отырғызылды, жыл аяғына дейін тағы да 15,6 мыңы отырғызылады. «Алматы апортын» қайта жаңғырту үшін 32 га жерге 5,9 мың алма ағаштары отырғызылды. Энергияны жаңарту жобалары - кәріз жүйелеріне биогаз қондырғыларын, Кіші Алматы өзені арнасындағы кіші гидроэлектростанциясына тиімді жабдық орнату қолға алынды", - дейді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, көлік проблемасын шешу экологияны жақсартатыны белгілі. Алматыда күн сайын 700 мыңнан астам автомобиль жүреді.

"Көлік залалы 80%, сондықтан болашақта қоғамдық көлікті реформалау ісі жалғасатын болады. Метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, келер жылы МЖӘ қағидасы бойынша ЖРК қрылысын қолға алу жоспарланған. Қазір қаланың қоғамдық көлік паркі 1,4 мың бірлікті құрайды, олардың 60%-ы газбен жүретін автобустар мен троллейбустар. Биыл қала автопаркі 530 жаңа автобуспен толығады, олардың 211-і бағыттар бойынша жолға шықты. Екі жыл ішінде «ОҢАЙ!» жүйесі бойынша 20 млрд. теңгеге 350 млн. транзакцияланды. Тасымалдаушылардың негізі табысы екі есе өсті. FalconEuroBus компаниясымен бірге электроавтобус шығаратын зауыт салынады", - деп айтып өтті әкім.

Сонымен қатар, қалада ұзындығы 21 км болатын «Орбитадан Көкбазарға дейін» велодәлізі және 68 км веложолдар жасалатындығы тілге тиек етті. Оның айтуынша, «Almaty Bike» велостанциясы 200-ден 1730-ға артқан.

"Кіші көлік айналымы, БАКАД бағыты бойынша үш радиалды жолдар салынды. Үкіметтің қолдауы арқасында Абай даңғылы қала шекарасына дейін үңгіленуде. 30 км жаңа жолдар, жол айрықтары, магистральді көшелер жасалуда,180 км жол орташа жөндеуден өтті, бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда 2 есе көп. 7 көпір жаңарды, 5 өтпелі жол салынды. Ақылы көлік тұрақтарын енгізу барысында бюджет түсімі 5 есе көбейді", - дейді Бауыржан Байбек.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар