Бауыржан Байбек: Бүгінде құны 87 млрд теңгеден астам 125 жоба қолға алынған

/uploads/thumbnail/20171110192456209_small.jpg

Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен есепті баспасөз мәслихатында Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жасалып жатқан шаралар жайында айтып өтіп, Елбасының бағдарлмалақы мақаласы аясында біршама істерді жүзеге асыруға баса көңіл бөлініп жатқандығына тоқталып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімінің айтуынша, қалада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға айрықша назар аударылған. Бүгінгі күні құны 87 млрд. теңгеден астам 125 жоба қолға алынған.

«Туған жер» жобасына бизнес белсенді түрде араласып, әлеуметтік нысандар салуда. Жеке қаржы есебінен Наурызбай ауданында 500 адам қатынайтын емхана, 1,2 мың орынды мектеп салынды. Алатау ауданында жеңілатлетті стадион іске қосылды. Болашақта халықаралық деңгейдегі баққа айналатын Алматының Ботаникалық бағын модернизациялау жобасы қолға алынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша киелі жерлер тізімі жасалды, олар 22 объект, оның ішінен 5 объект Қазақстанның киелі жерлер картасына енді», - дейді әкім.

«Бүгінгі күні қала тұрғындарының басым бөлігі - 35 жасқа дейінгі жастар, еліміздің әрбір 3-ші студенті Алматыда оқиды, сондықтан 2020 жылға дейінгі жастардың қалалық Жол картасы жасалды. Сырттан келген жастарды іскерлікке, ерікті болуға және басқа да кәсіптерге баулитын Лофт-орталық ашылды. Қазірдің өзінде 7,8 мың адам жұмысқа тұрды.2,5 мың адамға тегін кәсіби білім берілуде. Қалада «Алматы жастары» атты жастардың тұрғын үй бағдарламасы қолға алынды, мұнда 35 жасқа дейінгі жастар жеке пәтер алу үшін жеңілдетілген заем ала алады. «Алматы» ҰК ӘКК» АҚ жастар үшін жатақхана салатын болады. Биыл біз «Рухани жаңғыру» жобасы аясында 2000 орынды 4 жатақхана саламыз. Келер жылы 2,4 мың орынды тағы да 2 жатақхана құрылысы басталады», - деп қоса айтып өтті Бауыржан Байбек.

Қалаға қосылған елді мекендерді дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Екі жыл ішінде Алатау және Наурызбай аудандарында әкімшілік- іскерлік орталықтар қалыптасты. Универсиада арқасында 1,7 мың кезекте тұрғандар Атлеттер ауылынан жайлы пәтерлер алды. Жалпы, 9 жыл ішінде Алатау ауданын дамытуға 300 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды, оның 42%-ы салық ретінде қайтарылды. Наурызбай ауданы құрылғалы бері 53 млрд. теңге жұмсалды. Қазірдің өзінде бұл қаржының төрттен бірі қайтарылды, ауданында салық түсімі 11 есе өсті. Ауданда әкімдік, АІІД, салық, әділет, сот, прокуратура, ХҚКО, Қазпошта, зейнетақы төлеу ғимараттары пайдалануға берілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар