Пермиялық блогер Алексей Бессоновтың «Қазақстанға қарсы соғыс ашу керек» деген мазмұнда желіге таралған видеосы Қазақстан Қылмыстық кодексінің нормаларын бұзушылық болып табылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Алексей Бессоновтың әрекетіне байланысты ҚР ҚК-нің 179-бабына сәйкес «Насихат жүргізу және билікті жаулап алу немесе ұстап қалу немесе Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту» бойынша Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 187-бабына сәйкес, айыптауды Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүзеге асырады», - делінген ІІМ хабарламасында.
Бұдан бұрын ҚР ҰҚК Бессоновтың әрекеті фактісін тексеру үстінде екенін хабарлаған.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанға қарсы ашық наразылық білдірген Алексей Бессоновтың видеосы желіге тараған. Республика азаматтары блогерге қарсы қылмыстық іс қозғауды талап етті.
Пікір қалдыру