Антициклонның әсеріне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батысында, шығыста және солтүстігінде жауын-шашынды ауа райы болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с жетуі күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең көктайғақ болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Пікір қалдыру