Поляк Жексенбілік мектебіндегі кездесу

/uploads/thumbnail/20171111100245798_small.jpg

2017 жылғы 6 қыркүйекте Астана қаласына мемлекеттік іссапармен Польша президенті Анджей Дуда өзінің жұбайы Агата Корнхаусер-Дудамен бірге келді. Польша президентінің  іссапары «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Польша апталығына арналды.

Іссапар шеңберінде Польша Республикасы президентінің жұбайы Астана қаласындағы №5 гимназияда болып, ондағы поляк жексенбілік мектебінің қызметімен жан-жақты танысты.

Жексенбілік мектептің оқушылары Польшаның делегациясы мен жоғары мәртебелі қонақтарын поляктің ұлттық костюмінде қарсы алып, оларға аса зор құрмет көрсетті. Сонымен бірге, іс-шара барысында Ф. Шопен атындағы поляк кабинетінің тұсаукесері өткізіліп, поляк жескенбілік мектебінің оқушыларымен қызғылықты әңгіме өткізілді. Агата Корнхаусер-Дуда ханымның мамандығы - мұғалім. Сондықтан ол Қазақстанның білім беру жүйесіне қызығушылық білдіріп, ақпарат алмасты.

№5 гимназиясының директоры А.С.Труфанов, Астана қаласы «Роlасy» поляк қоғамының төрағасы Е.А.Роговская мен поляк жексенбілік мектебінің директоры М.В.Малиновская поляк жексенбілік мектебінің қызметі туралы және жалпы білім саласына қатысты мәселелер туралы айтып берді. «Бұл жексенбілік мектеп Польшадан алыс болғанымен, менің жүрегімде жылы әсер қалдырды. Мені қуантқаны мұнда поляк тілін поляктар  ғана емес, басқа да ұлт өкілдері оқып жатыр екен», - деді өз сөзінде Агата Корнхаусер-Дуда ханым.

Поляк жексенбілік мектебі негізінен поляк тілін, әдебиеті мен фольклорын оқытуға бағытталған. «Астана қаласындағы 24 этномәдени бірлестіктің жанында 12 жексенбілік мектеп жұмыс істейді, соның ішінде осы поляк жексенбілік мектебі Қазақстан халқы Ассамблеясының ең үздік жексенбілік мектебі ретінде аталады. Бұл мектепте жыл сайын 50-ден аса бала білім алуда», - деді мәртебелі меймандармен  кездесу барысында Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.С. Құсайынова.

Гимназияның мәжіліс залында өткізілген мерекелік концертте поляк және қазақ тілдерінде әндер шырқалып, оны орындаған оқушылар жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар