Мемлекет басшысының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 126 Жарлығымен (өзгерістермен) бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы» «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ана тілдерін оқуға жағдай жасалынып отыр. Республикалық және аумақтық этномәдени бірлестіктержанындағы 18 жексенбілік мектепке, мемлекеттік және ана тілін оқыту курстары жүргізілуде.
ҚР Тілдерді дамыту бағдарламасы жылдар бойы өңір-өңірде түрлі деңгейде жүзеге асып келеді.
Аталмыш бағдарлама аясында мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ашылып, еліміздің әр азаматына қазақ тілін үйретуге пәрменді оқытушылар да дайындалды. Бүгінгі таңда елімізде өзге ұлт тілдері мен мәдениетін түлету мектептері 4-еу болса, онда оқытылатын тілдер саны - 25.
Атап айтсақ 2011 жылы 17 этнос тілі оқытылса, 2015 жылы 22 этнос тілі оқытылып, 1000-ға жуық адам қамтылып отыр. Сондай-ақ ана тілдерінде түрлі әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2014 жылы 7 этностың тілінде (кәріс, дүнген, түрік, өзбек, ұйғыр, украин, татар) әдебиеттер шығарылды. Әлеуметтік зерттеудің нәтижесі бойынша2014 жылы республикада мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 72,1%,орыс тілін меңгергендердің үлесі 86,2%, ағылшын тілін меңгергендердің үлесі 20,4%, мемлекеттік, орыс және ағылшын тiлдерiн меңгерген халықтың үлесi 15% құрады.
Қазіргі уақытта Елбасының «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарыныңнегізгі бағыттарының бірі – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру мақсатында тілдердің үштұғырлығы, үштілде білім беру идеясын насихаттау және әдістемелік материалдарды шығару бойынша Бағдарламаға өзгерістер мен толықтыруларенгізу жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру