Ақтөбеде 42 жастағы Ирина Шмидт зорлықшылардан қашамын деп 2-қабаттан секірген, соның салдарынан омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды. Бұл туралы "Актобе Таймс" жазады.
2 баласымен (5 және 10 жас) жұмыссыз қалған ол далада қалған.
21 шілдеде әйел жұмыстағы корпоративтен қайтып бара жатқан Ира жолды қысқартып кесіп өтпек болып, теміржол жақтағы үйлермен жүрмекші болады. Жолда келе жатып екі мас, ішімдік ішіп отырған ерекекті көреді. Олар Ираға боғауыз сөз айтып, оны балағаттаған көрінеді. «Маған олардың сөздері қатты тиіп кетті де, мен оларға жауап бердім»-дейді ол. Ер адамдардың бірі орнынан атып тұрып, оған жүгіре жөнелген. Басынан ауыр затпен ұрып Иринаны есінен тандырған.
«Аузымды жауып, пәтерлеріне алып барды. Олар маған: Біз сені зорлаймыз да, өлтіреміз. Ешкім сені іздемейді де, мына пәтерді жалға алдық»-деді. Сол кезде әйел қатты шошынып қалып, екеуі бір-бірімен сөйлесіп тұрған сәтті пайдаланып, терезеден секіріп кеткен.
Екінші қабаттан құлаған Ирина қатты зардап шеккен. Терезеден оны басқа пәтердегі адамдар көріп қалып, жедел жәрдем шақырған. Әйелдің бел омыртқасы сынып, қолы мен тағы бірнеше жері жарақаттанған.
Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаған. Айыпталушылардың бірі тергеу изоляторында, ал екіншісі қашып кеткен.
Ирина болса, үй-күй жоқ, жұмыссыз қалған. Қазір өзін танымайтын қайырымды апаның үйінде тұрып жатыр. Оны мүгедек болып қалған соң, балаларын сот тартып ала ма деген қорқыныш алаңдатады.
Пікір қалдыру