Америкалық ең бай үш адам – Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос, Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс және инвестор Уоррен Баффеттің қаржылық жағдайы АҚШ халқының жартысының, яғни 160 млн. қарапайым тұрғынының жағдайымен тең.
Бұл туралы америкалық саяси зерттеу институтында айтылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Forbes журналының көрсеткішіне сәйкес, жоғарыда аталған кәсіпкерлердің жалпы капиталы $250 млрд.-ты құрайды. Баяндамада көрсетілгендей, АҚШ-тың 25 бай миллиардерінің қаржылық жағдайы, оның ішінде Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен Google жасаушылары Ларри Пейдж және Сергей Бриннің қаржылық жағдайлары $1 трлн.-ға бағаланады.
Америкалық орташа жағдайдағы отбасының қаржылық жағдайы, автомобильін қоспағанда $80 мыңға бағаланады. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-та байлар мен кедейлердің арасы тым алшақтап келеді.
Пікір қалдыру