Бүркітші қазақ қызы: Моңғолияның дамуына өз үлесімді қосқым келеді

    Әсел Болатқызы
    Бүркітші қазақ қызы: Моңғолияның дамуына өз үлесімді қосқым келеді

    Әлемнің танымал Гарвард және Оксфорд университеттері Айшолпан Нұрғаеваны «Бүркітші қыз» фильмі шыққаннан кейін оқуға шақырған, — деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

    Қазір Айшолпан Баян-Өлгий аймағындағы орта мектептің 11 сыныбында оқиды. Осыдан біраз уақыт бұрын  Азияның беделді "Asia Game Changer Awards 2017" марапатын жеңіп алды.

    Жақында бүркітші қызды Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух қабылдады. Премьер министрлер кабинеті атынан мектеп оқушысын құттықтап, қыздың ата-анасына алғыс білдірді. 

    «"Бүркітші қыз" – керемет фильм. Сіз әйелге тән ерлік, батылдық пен табандылықты көрсетіп, халықаралық аренада Моңғолияның атын шығардыңыз", — деді Хурэлсух. 

    Айшолпан премьер-министрге дәрігер болуды армандайтынын айтты. 

    "Кинода ойнаған көңілді болса да,, мен әлі де дәрігер болғым келеді", — деді бүркітші қыз. Сондай-ақ, Айшолпан туған жері Моңғолияның дамуына өз үлесін қосқысы келетінін де айтты.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025