Бүгін Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ұлттық Кеңес отырысында кезекті рет Қазақстан билігін сынаған сөзінің толық нұсқасын Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qazaktimes-қа сілтеме беріп жариялайды .
Ол аталмыш мәлімдемесінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "көрші елдің қартайған басшысы" деп атап, 2014 жылдан бастап, 2017 жылға дейінгі Қырғызстанда көршілес мемлекеттердің басшыларының қыңырлығынан болған жағдайларды тізіп шықты.
«Атамбаев Еуразиялық экономикалық одақтан шығады, деген қауесеттер ресейлік және қазақстандық басылымдарда жазылып жатыр. Біз ешқашанда ЕЭО-дан шықпаймыз» дей келе, одақтың тек қағаз жүзінде ғана жұмыс істеп тұрғанын айтты.
«2014 жылдың көктемінде көрші елдің қартайған басшысының қалауы үшін Қырғызстанның оңтүстігі газсыз қалды»,- деді.
Пікір қалдыру