Бүгін, 15 қарашада, экономика қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнін атап өтті, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз — теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты. Қазіргі қоғамда кез келген жұмыстың, әр кәсіптің иесі бар. Адам баласы мамандық иесі бола тұра атқаратын жұмысының қиындығы мен ауырлығына төзе білуі керек. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс өзгешелігі, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар.
Сондай батыр қаржыгер кейіпкеріміз лейтенант Мухамедиева Данагул Кусаиновна Радиэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында 2013 жылдан бері қызмет атқарады. 2007 жылы Тұрар Рұсқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетін тәмадаған Данагул, әскери салаға дейін банк саласында қызмет атқарып, тәжірбие жинақтайды.
Институтымыздың 2017 оқу жылының қорытындысы бойынша, лейтенант Д.Мухамедиева үздік қаржыгер қызметкер ретінде танылды. Осыған орай әскери институттың қаржы қызметінің бастығы подполковник Мустафин Марат Туляганович бағынышты әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, басты кейіпкеріміз Данагулге Колен Тернердің «Умный, стань богатым!» кітабын сыйлыққа тапсырды.
Пікір қалдыру