16 қарашада Алматыдан 145 шақырым қашықтықта сағат 07:42-де жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы – 5,4. Бұл туралы «ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класс - 11,9.
Жер сілкінісінің ошағы бес шақырым тереңдікте орналасқан.
2 баллдық жер асты дүмпулерін көрсеткішпен Алматы тұрғындары да сезді.
Пікір қалдыру