Оралда тұрғын үйдегі жарылыстан 6 адам ауруханаға түсті

/uploads/thumbnail/20170930144317051_small.jpg

18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентінде газ-ауа қоспасының жарылысы болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Табын Бөкенбай батыр көшесі, 3-үйде болды. Жарылыс салдарынан тұрғын үй мансардасының фронтоны опырылып құлаған. 85 пайыз денесін күйік шалған аяғы ауыр 1980 жылғы әйел облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Денесінің 3-5 пайыз бөлігі күйген 1976 жылы туған  ер адам  мен табиғи газбен орта дәрежеде уланған 1955 жылғы әйел қалалық көпбейінді ауруханаға түсті.

Сондай-ақ осы үйден үш бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералиннің айтуынша, қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан жүкті әйелдің жағдайы ауыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар