Жұма күні сағат 3-тер шамасында Бағлан Албаев жұмыстан шығып жоғалып кеткен. Өзінің "Лада приора" маркалы автокөлігіне отырған жігіт үйіне кеткен, алайда сол күннен бері із-түссіз жоғалып кеткен, ұялы телефондары сөндірулі. Бұл туралы Устинка LIVE хабарлайды. Жақындарының айтуынша, бұған дейін Бағлан кешігетін жағдайларды ескертіп отыратын, жоғалып кеткен кездері болмаған.
Жоғалған жігіттің әпкесі Анар Албаевның айтуынша, Павлодардан оған белгісіз ер адам хабарласып, Бағланның көлігі сатылымда тұрғанын айтқан. Қазіргі уақытта жас жігіттің қайда екенін жақындары, достары да білмейді.
Пікір қалдыру