Головкин-Альварес жекпе-жегінің өтетін орны мен күні белгілі болды

/uploads/thumbnail/20171018095556479_small.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Саул Альваес жекпе-жегінің өтетін орны мен күні белгіленді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Реванш 2018 жылдың 5 мамырында өтеді деп жоспарланып отыр.

«Реванштың болатыны анық. Біз жекпе-жекті 5 мамырға жоспарлап, жоспарға сай жұмыс атқарып жатырмыз. Өткен жолдығыдай жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтетін болады», — деп мәлімдеді де ла Хойя.

Еске сала кететін болсақ, Головкин-Альварес жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталған болатын. Жекпе-жектен кейін түрлі пікірлер мен келіспеушіліктер орын алғандықтан жанкүйерлер реваншты асыға күтуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар