1-ші, 2-ші желтоқсанда Алматыда SYNERGY GLOBAL форумы өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
9000-ға жуық адамды қамтитын Алматы аренада әлемге әйгілі спикерлер - Ник Вуйчич пен Майк Тайсонның қатысуымен Қазақстан бойынша ең ірі бизнес форум өткізілмек.
Халықаралық деңгейде өтетін «SYNERGY GLOBAL FORUM» — мүмкіндіктер алаңы.
Форумда талқыланатын тақырыптар: арманыңды мақсатқа айналдырып, алға қарай қадам басу; сүйікті істі табысты кәсіпке айналдыру; Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан ірі кәсіпкерлермен танысу мен өз ортаңды, ой-өрісіңді білікті де білімді азамттармен пікір талас жүргізе отырып кеңейту; әлемдік спикерлер, табысты ұйымдарды құрушылардың тәжірибелерінен алынған кеңестеріне қанық болу; өмірге деген ынтаны арттыру; әлемді басқа қырынан тану.
Өміріңнің түбегейлі өзгеруіне түрткі болатын, қысылу мен қымтырылуды ұмыттыратын, сарқылмас энергия беретін, армандарды жүзеге асыруға итермелейтін, дамудың жолын сілтейтін қайталанбас бизнес форум – өмірге деген шабытыңды оятары сөзсіз.
Synergy Global Forum жайлы толығырақ ақпаратты synergyglobal.kz сайтынан біле аласыздар.
Пікір қалдыру