Сочи қаласында самбодан өткен әлем чемпоинатында Қазақстан Республикасының бұрынғы гимні орындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Гимн басталған сәтте спортшы Есет Қуанов басын шайқап, әннұранның дұрыс еместігін білдірген болатын. Алайда ұзақ үзілістен кейін трибунада отырған қазақстандықтар музыкасыз әнұранды бастап кетті.
Комментаторлар мен көрермендер қол соғып қошемет көрсетті, диктор келеңсіздік үшін кешірім сұрады. Дегенмен, бұл алтын алған спортшының көңіл күйіне әсер етпеді деу мүмкін емес.
Әлем чемпионаты болғандықтан жоғары деңгейде өтуі тиіс еді.
Пікір қалдыру