Атамбаев: Алты жыл атқарған президенттік қызметім ұзақ және ауыр болды

/uploads/thumbnail/20171120132451397_small.jpg

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қызметін тапсырып, "жеңілдеп қалатынын" мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  azattyq.org-қа сілтеме жасай отырып.Бұл жайында ол дүйсенбіде Бішкекте өтіп жатқан қорытынды баспасөз конференциясында айтты.

Оның сөзінше, президент қызметін атқарған алты жыл "ұзақ және ауыр" болған. "Ұйықтамаған күндер де болды. Бірақ Құдайға шүкір, бұл жүкті абыроймен арқалай алдым" деді Атамбаев.

Атамбаев демалғысы келетінін де айтты.

Атамбаев президент қызметіне 2011 жылдың 1 желтоқсанында кіріскен. Биыл 1 желтоқсанда оның өкілеттігі аяқталады.

Жаңа сайланған президент Сооронбай Жээенбековті ұлықтау шарасы 24 қарашада өтеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар