Алматыда республикалық жас ақындар айтысы өтеді

/uploads/thumbnail/20171120144743706_small.jpg

4 желтоқсанда Алматы қаласында республикалық жас ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Республикалық айтысты Сорос Қазақстан қоры мен Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының қолдау көрсетуімен "Медиа Орда" қоғамдық қоры ұйымдастырады.

Жыр додасында Қанат Мырзахан, Айдана Қайсарбек, Ақниет Жұбаныш, Айтбек Тұрсынбаев, Әлихан Жақсылық, Саягүл Бірлесбек, Бекжан Базархан, Дәрен Ысқақ, Медетбек Жаманов, Алтынбек Ибрагимов, Айтуған Жетебаев сынды ақындар бақтарын сынайды.

Кеш қонақтары: Жүрсін Ерман, Серік Қалиев,  Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртай, Болатбек Оразбаев.

Айтыс

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар