Сочиде өткен жарыста Қазақстанның әнұранын шатастырып қойды (видео)

/uploads/thumbnail/20171120175906159_small.jpg

Сочиде өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұранының фонограммасы қосылған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева хабарлады.

Қазақстандық спортшы Есет Қуановты алтын медалмен марапаттау кезінде ұйымдастырушылар осындай қателікке бой алдырыпты. 

Ескі әнұран ойналғанда, Қуанов басын шайқап, қателік кеткенін көрсеткен. Сол кезде трибунада отырған отандастарымыз орындарынан тұрып, әнұранды фонограммасыз айтып берді. Комментатор мен көрермендер қазақстандықтарға разы болып, диктор жіберілген ағаттық үшін кешірім сұрады. 

Раухан Тоғымбаеваның айтуынша, РФ Самбо федерациясы олқылыққа техникалық ақау мен адами фактор себеп болып отырғанын түсіндірген.

«Өздеріңіз білетіндей, бұл бірінші рет орын алған жағдай емес. Әнұран 11 жыл бұрын жаңартылғанымен, қаншама рет шатастыру жағдайы тіркелді. Осыны алдағы уақытта болдырмау үшін жұмыс жүргізілетін болады. Бұл жұмыс қалай жүзеге асырылады? Бәлкім, егер ұйымдастыру комитеті өздерінің жұмысын жоғары деңгейде жасай алмайтын болса, онда комитеттен арнайы бір өкіл бөлеміз бе?.. Ол сұрақтарды алдағы уақытта шешетін боламыз», - дейді Раухан Тоғымбаева.  

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар