21 қарашаға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171121082458839_small.jpg

Ауа ағымдарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыста және шығыста жауын-шашын сақталады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі болжануда. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел тұрады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар