Крус Баэн «Жаңа альянс» партиясының атынан қала басшысы болып сайланған. Қызметіне 31 желтоқсанда кірісуді жоспарлаған еді.
Қылмыскерлер тобы мексикалық Вераскус Сантана штатындағы Идальготитлан қаласының жаңа әкімі Крус Баенді өлтіріп кетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Quadratin порталының мәліметіне сүйенсек, бірнеше адам қала басшының үйін қоршауға алып, онң сыртқа шығуын талап еткен. Баен бас тартқан соң, бандиттер үйдің ішіне баса көктеп кіреді. Әкіммен қоса үш оққағары да қаза болды.
Пікір қалдыру