БҚО-да 22 оқушы ауруханаға түсті

/uploads/thumbnail/20171121105312890_small.jpg

Кеше кешкісін Бөрлі аудандық ауруханасына Ақсай қаласы маңындағы Қызылтал ауылындағы мектептен 22 бала түскен, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Дамир Көпжасаровтың айтуынша, оқиға орнына Орал қаласынан осы мекеме және облыстық денсаулық сақтау басқармасынан арнайы мамандар барған. Тексере келгенде, балалардың тамақтан уланбағаны, сондай-ақ жұқпалы ауруларға шалдықпағаны анықталды.

Қазіргі кезде ауруханада бес бала қалған, қалғандары үйлеріне жіберілген. Яғни 6-7-сыныптарда оқитын балалар фарингитпен ауырған.

Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералин де растады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар