Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енетінін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы өседі: ынтымақты (еңбек) зейнетақы 8%-ға, базалық зейнетақы – 6%-ға.
Сонымен бірге базалық зейнетақыны тағайындау әдісі өзгермек. Қазір базалық зейнетақы мөлшері баршаға бірдей әрі еңбек өтіліне бағынышсыз болса, 2018 жылы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты есептелінетін болады.
Келесі жылы зейнетақы қалай төленетінін, қандай өзгерістер енгенін инфографикамыздан оқып біле аласыздар.
Пікір қалдыру