Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20171122073603809_small.jpg

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста және шығыста жауын-шашын сақталады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жел соғады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, ШығысҚазақстан, Алматы, Павлодар облыстарына тұман түседі.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар