БҰҰ-ның Сеулдегі қолбасшылығы солтүстік кореялық әскери қызметкердің Оңтүстік Кореяға қашқан сәті түсірілген видеоны жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ер адам 13-ші қарашада қашқан.
7 минутқа созылған видеода КХДР азаматы бастапқы кезде көлікпен қашады, көлік жолдың жағасына шығып кеткенде көліктен шығып қашады. Сол уақытта шекарашылар оны қуып, ата бастайды. КХДР азаматына 6 оқ тиген. Ер адам тірі қалды. Қазір Сеул ауруханасында жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, оның жасы 24-те. Ол көп қан жоғалтты, бірақ өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетейік, КХДР азаматтары көбіне Қытай шекарасы арқылы қашады. Себебі Оңтүстік Кореямен шекара өте жақсы қорғалады.