Германияда Рождествоға қарсы теракт жоспарлағандар құрықталды

/uploads/thumbnail/20171122191634492_small.jpg

Германияда полицей қызметкерлері Рождество уақытына теракт жоспарлағандарды құрықтады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Құқыққорғау органдарының болжамынша, қылмыс мерекелік жәрмеңке уақытына жоспарланған. Бұл туралы CNN хабарлайды.

Германияның 4 қаласында 500 полицей қызметкерлері арнайы рейд жүргізді. Нәтижесінде Сирияның 6 азаматы ұсталды. Сириялықтар рождестволық жәрмеңкелер ұйымдастырылатын аудандарды бүге-шүгесіне дейін зерттеген.

Айта кетейік, өткен жылы 19 желтоқсанда Берлиннің орталығында рождестволық жәрмеңкеге жиналған халықтың арасынан жүк көлігі жүріп өткен. Соның салдарынан 12 адам қаза тауып, 48 адам жараланды.

Қатысты Мақалалар