ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің жағдайымен танысып қайтты. Аудан орталық кәріз жүйесіне қосылмағандықтан тұрғындардың әрқайысысы жеке-жеке дәретхана салуға мәжбүр болған. Облыс әкімі ондай дәретхананың 18 екенін байқады.
«Бұл не масқара? Не деген тәртіпсіздік? Мәдениеттілік пен тәрбие осындай ұсақ-түйек дүниелерден басталады! Бір шара қолдану керек!», - деді әкім.
Осылайша Түймебаев ауладағы құрылысты бұзып, бір модульдік дәретхана салуды тапсырды. Ал бос қалған аймаққа балалар алаңын салуға болатынын айтты.