Үндістанда қазақстандық болуы мүмкін әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

/uploads/thumbnail/20171123135906986_small.jpg

Үндістанның Гоа қаласында қазақстандық болуы мүмкін әйелді тұтқындады, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«35 жастағы әйелдің визасы жарамсыз болып, Үндістанда заңсыз жүргені үшін тұтқындалды»,  — деп жазған жергілікті БАҚ өкілі.

Наиля Пилтс Гоа қаласында жарамсыз визамен немесе шетелдік құжатпен жүрген. Осы жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге азаматшаның соңғы 2 жыл бойы Үндістанда жасырын жүргені белгілі болды. Жақын арада Наиля Пилтске қатысты сот ісі басталады.  

Жергілікті полиция қызметкерінің мәліметі бойынша, азаматша солтүстік Гоадағы атақты әрі ірі қаланың бірі Калангутта тұрған.

«Осы жайтқа қатысты Қазақстан Үндістанның құқық қорғау органымен байланыс орнатты. Алайда тұтқындалған әйелдің төлқұжаты болмағандықтан Қазақстан азаматшасы екені дәлелденбеді. Бұл әйел елшілікте де тіркелмеген. Қазір бұл ақпараттың дұрыс бұрыстығы тексеріліп жатыр», — деп мәлімдеді ҚР СІМ өкілі Ануар Жайнақов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар