Нью-Йорктегі Trump SoHo қонақүйінен Трамптың есімін алып тастайтын болды

/uploads/thumbnail/20171123144833839_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трампқа тиесілі компания Манхэттеннің оңтүстік бөлігінде орналасқан Trump SoHo қонақүйінен иесінің есімін алып тастауға келісті. Бұл туралы New York Times хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қонақүйдің коммерциялық көрсеткіші өткен жылға қарағанда анағұрлым төмендеген. Суши-мейрамханасы жабылып, банкет және конференцияларға арналған залға келушілер азайды. Бөлме бағасы 300 долларға дейін төмендеген.

Қонақүйдің аты желтоқсанның аяғына дейін өзгертілетін болады. Бұдан бұрын шілдеде Торонто қаласындағы Трамптың атымен аталатын қонақүй, сондай-ақ Нью-Йорктегі бірнеше тұрғын үйлердің аты өзгертілді. Гольф-клубтардағы келушілердің саны қысқарып, банкротқа ұшырай бастаған.

Қатысты Мақалалар