Елбасы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады

/uploads/thumbnail/20171123195101405_small.jpg
 
Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысына заң жобалау жұмыстары жоспарын орындау аясындағы Парламенттің төменгі палатасының үшінші сессия кезеңіндегі қызметінің қорытындылары жөнінде мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасай отырып.

– Мәжіліс 24 заң жобасын, соның ішінде үшжылдық бюджетті, салық, әкімшілік және кеден кодекстерін, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қабылдады. Осылайша, заң жобаларының барлық топтамасы Сенатқа жолданды, – деді Н.Нығматулин.

Кездесу соңында Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруы үрдісін уақтылы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында Парламент Мәжілісі қызметінің маңызды екенін айтты.

Қатысты Мақалалар