Елбасы ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымды қабылды

/uploads/thumbnail/20171123195601067_small.jpg
 

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайымды Кәсіподақтар федерациясының төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, оның жаңа қызметіне табыс тіледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасай отырып.

– Сіз көптеген қызмет атқардыңыз. Ректор да, министрдің орынбасары да болдыңыз. Құқық қорғау, әділет органдарында, Жоғарғы сотта еңбек еттіңіз. Заң саласындағы біліміңіз бен тәжірибеңіз мол, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кәсіподақтар еңбек қатынастарын реттеуде және еңбеккерлер мен жұмыс берушілер арасында сындарлы диалог орнатуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Қатысты Мақалалар