Кеше ғана таныстырылған 500 теңге тағы күлкіге қалды

/uploads/thumbnail/20171124105239434_small.jpg

Ұлттық банк күні кеше таныстырған жаңа банкноттағы суреттерді жұрт ұрланған деп шуласуда. Данияр Ақышевтің қағаз ақшадан көгершін деп көрсеткені швейцариялық фотографтың шағаласы болып шыққан. Жұрт бұл нысанның Қазақстан үшін тарихи құны жоқ деп отыр. Ал, ақшаны марқая таныстырған Бас банктегілер айтылған сынды «абсурдқа» балады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

- «Бұл «абсурд» туралы ештеңе дей алмаймын. Оған қатысты ертең түсініктеме береміз. Шағаланы сол кезде талқыларсыздар. Менің ойымша, ақшадағы құстар сүйкімді шыққан. 

Бас банк «артық қыламын деп тыртық қылса» да, жаңа ақшаны бар күйінге қабылдаудан басқа амал жоқ сыңайлы. Өйткені, бұл банкнот қолданысқа енді шыққанымен, оны басып шығару жұмыстары 2 жыл бұрын басталған. Яғни, банкнот шығару бір-екі күндік шаруа емес», - дейді Ұлттық банктің басқарма басшысы Александр Терентьев.

- Көшірме екені анық көрініп тұр. Швейцариялық фотографтың суретін пайдалану арқылы, авторлық құқықты бұзып отыр. Тек біреу емес, 500 теңгедегі тағы 3 құс та өзгеден ұрланған. Оны ғаламтордан алып қоя салғаны сапасынан-ақ байқалады,- дейді Астана қаласының тұрғыны Кирилл Ковязин.

Осы кезге дейін қолданылып келген ескі ақшалар 2020 жылдың маусымына дейін айналымда болады. Одан кейін тек швейцариялық фотографтың шағаласы бар 500 теңгелік қана үстемдік құрмақ.

Қатысты Мақалалар