Жапон теңізінде ресейлік теңізшілер отырған кеме өртенді

/uploads/thumbnail/20171124111903889_small.jpg

Жапон теңізінде ресейлік экипаж отырған «Иман» кемесі өртенді, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы теңіз құтқару-үйлестіру орталығының басшысы Николай Пиражков хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Өрт бүгін таңға жуық Жапон теңізінің орталығында болды. Жүк тиелген «Иман» кемесі Тоямадан Владивостокқа қарай бет алған. Өрт қозғалтқыш-қазандықтан басталды. Кеме экипажы өртті сөндіріп үлгерді. Абырой болғанда, зардап шегушілер жоқ», - деді Пиражков.

Оқиға орнына Владивостоктан «Мұнайгаз-55» буксирі жіберілді.

Қатысты Мақалалар