Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.