Өмірбек Бабанов Қырғызстанның жаңа президентіне ашық хат жолдады

/uploads/thumbnail/20171014134143676_small.jpg

Қырғызстан президенттігіне үміткер болған Өмірбек Бабанов Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбековке ашық хат жазды, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Өмірбек Бабанов өзінің фейсбук парақшасына жазған.

«Біздің Қырғызстанда бүгін жаңа президент өз жұмысын бастады. Билік бейбіт түрде тапсырылды. Елімізде тұрақтылық сақталды. Ал билікті ауысуы – үлкен жетістік болып табылады. Сондықтан да мен Қырғызстан халқын құттықтаймын! Сонымен бірге өз атымнан біздің халқымыздың сенімі мен үміті жайлы да айтқым келеді. Сооронбай Шәріпұлы, бүгін сізге үлкен тапсырма берілді:  Алмазбек Шәршенұлы Атамбаев негізін қалаған елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты жалғастыру, халқымызды гүлдендіріп, Қырғызстандағы демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізін дамыту. Мен Қырғызстан халқы адал, әділетті және азаматтарға таңдау еркіндігін беретін басшыны қолдайтынына сенемін. Ал біздің Қырғызстан өзінің заңын ұлықтай алатынын көрсете отырып, өзімізде және әлемде үлгі тұтарлық мемлекетке айналатын болады», — деп жазған Өмірбек Бабанов. 

Айта кететін болсақ, 24 қарашада Сооронбай Жээнбеков ресми түрде Қырғызстан президенті қызметіне кірісті.

Қатысты Мақалалар