АҚШ-та әйелдер мен қыздарды ұрлып, жезөкшелікке күшпен салған Брок Фрэнклин 472 жылға сотталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Колорадо штатында Фрэнклин 30 қылмысқа қатысы бар деп айыпталды. Ер адам адамдарды сексуалдық құлдыққа сататын ұйымның басшысы болған. Фрэнклинге қорғаушылары 96 жыл сұрағанда, айыптаушы тарап тағы 616 жыл қосуын талап еткен.
Тергеу нәтижелеріне сәйкес, Фрэнклин әйелдер мен қыздарды сексуалдық құлдыққа күштеп итермелеген, қарсы шыққандарды жазалап, өзі де зорлық көрсетіп келген. Оның құрбандары жергілікті қонақүйдің қызметкерлері.