Қазақстанның басым көпшілігінде тұман, оңтүстік облыстарда жауын-шашын күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.
Циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар, оңтүстік облыстардың ауа райына әсерін тигізеді. Демалыс күндері және дүйсенбіде кей жерлерде жауын-шашын жауады, яғни жаңбырдың соңы қарға ауысуы, тұман және көктайғақ кутіледі.
Республиканың қалған территориясында жоғары атмосфералық қысымның әсерінен тұман күтіледі және жекелеген аудандарда аздаған қар жауады. Ауаның температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан 3...6 градусқа жоғары болады.