Ең ірі жер сілкінісі болуы мүмкін Алматы облысының үш ошағы аталды

/uploads/thumbnail/20171125102012104_small.jpg

Қазақстанның Сейсмология институтында ең ірі жер сілкінісі болатын Алматы маңындағы үш ошақты атады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы облысының үш ошағында ең жойқын жер сілкінісі болуы әбден мүмкін. Бірінші ошағы – Верненский ауданы, мұнда 1887 жылы ірі жер сілкінісі болған. Екінші ошақ – Кемин жер сілкінісі, үшіншісі – оңтүстік шығысында орналасқан Шілік жер сілкінісі. Біздің болжамымыз бойынша, жақын уақыттарда Верненский жер сілкінісі қайталануы мүмкін», - деді Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер ұлттық орталығы зертханасының меңгерушісі Әбдірахман Күрскеев.

Күрскеевтің айтуынша, бұл аудандарға арнайы аспаптар қою қиынға соғады. Сол себепті ошақтарды бақылау жасалған жоқ.

Қатысты Мақалалар