Египеттегі мешітке жасалған террористік шабуылдан қаза тапқандардың туыстары мен отбасыларына әлем мемлекеттерінің көшбасшылары көңіл айтты. Бұл туралы РЕН тв хабарлайды.
Ресей президенті Владимир Путин Египет президенті Абдель Фаттаху ас-Сисиге телеграмма жолдап, террористік әрекетті аса қатігез деп бағалады.
Италия премьер-министрі Паоло Джентилони Египеттегі терактіні шабуыл ғана емес, «сұмдық қырғын» деп атаған.
Жұма күні Синай жартылай аралында террористер мешітті бесін намазы уақытында жарып жіберген. Белгілі болғандай, содырлар оқиға орнында зардап шеккендерге көмекке келген жедел жәрдем көліктерін де жарған. Барлығы 255-тей адам көз жұмып, 130-дан астамы зардап шеккен. Елде 3 күндік аза тұту жарияланды.