Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламға (25-0, 20 КО) міндетті қарсылас белгіледі. Бұл туралы BoxingScene.com порталына сілтеме беріп vesti.kz жазады.
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін отанласымыздың міндетті қарсыласы жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Джон Вера болыпты. Оның еншісінде 18 жекпе-жек бар. Барлығында жеңіске жеткен. 11 кездесуде қарсыластарын нокаутқа түсірген.
WBA кеңесінің өкілдері екі боксшыға ресми хатты 21 қазан күні жіберген. Енді екі тарап өкілдерінде жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күн бар. Кері жағдайда кездесуді өткізу құқығы бәссаудаға қойлады.
Айта кетейік, бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Лараның (25-2-2, 14 КО) бірінші кезектегі міндетті қарсыласы болады.
Қазіргі уақытта Қанат Ислам WBA рейтингінде бірінші орында келеді. Ол өзінің соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өкізіп, канадалық Брэндон Куктан айласын асырып, WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғап қалды.
Вера болса бұл рейтингте екінші орында тұр. Соңғы кездесуін ол 2017 жылдың 29 қыркүйегінде өткізіп, Сандэй Алжувудан айласын асырды.
Пікір қалдыру